🔰Дүниежүзілік сайлау күні – белсенді азаматтықтың мерекесі! » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔰Дүниежүзілік сайлау күні – белсенді азаматтықтың мерекесі!
05
ақпан
2026

🔰Дүниежүзілік сайлау күні – белсенді азаматтықтың мерекесі!

🔰Дүниежүзілік сайлау күні – белсенді азаматтықтың мерекесі!
Бүгін мектебімізде Дүниежүзілік сайлау күніне арналған зияткерлік квиз ұйымдастырылып, ел болашағына бейжай қарамайтын жастардың басын қосты.
Іс-шараға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Сламбекова Ұлана Сламбекқызы, жергілікті атқарушы орган мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері және белсенді жастар қатысты.
Интеллектуалдық додада
«ЕЛ ТАҢДАУЫ», «АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ», «САЙЛАУ САРАПШЫЛАРЫ», «БОЛАШАҚ ҮНІ», «БЕЛСЕНДІ ҰРПАҚ»
 командалары өзара білім мен тапқырлықтарын сынға салып, тартысты әрі мазмұнды ойын өрнегін көрсетті.
Қатысушылардың білімін әділ бағалаған қазылар алқасы құрамында:
🔹 Асқарбеков Арын Ілиясұлы – Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары;
🔹 Қойшыбаев Саят Нұржанұлы – қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі;
🔹 Лесбек Азамат Қайратұлы – Тараз қалалық мәслихатының №24 сайлау округі бойынша депутаты;
🔹 Абденбаев Кемел Түймебекұлы – қалалық мәслихаттың №14 сайлау округі бойынша депутаты;
🔹 Байпақ Дархан Қуанышұлы – аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубының жетекшісі болды.  Зияткерлік сайыс қорытындысында  қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, олардың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігіне жоғары баға берілді.
Бұл тағылымды кездесу – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық ұстанымын нығайтқан маңызды алаң болды.
Белсенді ұрпақ – әділетті қоғамның кепілі! 🇰🇿✨
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив