13
наурыз
2026
Амал келді – жыл келді!
Амал келді – жыл келді!
Бүгін 67 орта мектебінде халқымыздың ежелден келе жатқан мейірбан мерекесі — Амал күні жоғары деңгейде атап өтілді.
Бұл күн — қыстан аман-есен шығып, ағайынның амандығын біліп, төс қағыстырып көрісетін, өкпе-ренішті кешіретін ерекше сәт. Іс-шара барысында:
• Ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, ақсақалдар бата берді.
• «Көрісу — бабалар аманаты» атты танымдық қойылымдар көрсетілді.
• Қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай!


