06
наурыз
2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 3 «Ә» сынып оқушылары «Анамның аяулы алақаны» атты тәрбие сағатын өткізді. 🌸
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 3 «Ә» сынып оқушылары «Анамның аяулы алақаны» атты тәрбие сағатын өткізді. 
Тәрбие сағаты барысында оқушылар анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік туралы ой бөлісіп, ананың мейірімі мен қамқорлығының ерекше екенін атап өтті. Балалар жүрекжарды тілектерін білдіріп, аналарына деген алғыстары мен жылы лебіздерін жеткізді.
Ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Осындай тәрбиелік шаралар арқылы оқушылар анаға деген құрмет пен сыйластықтың маңызын терең түсінді. 

