06
наурыз
2026
🔰8 наурыз мерекесіне орай 1 “В”сыныбында сынып сағаты өтті Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға ананың қадірін түсіндіру, аналарға, әжелерге, ұстаздарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушыларға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат берілді. Балалар аналар туралы өлеңдер айтып, тақпақтар жатқа оқыды. Сонымен қатар аналарға арналған жылы лебіздері мен тілектерін білдірді. Оқушылар аналарына арнап дайындаған шағын сыйлықтары мен ашық хаттарын көрсетті.
Сынып сағаты қызықты ойындармен, сұрақ-жауаптармен және әңгімелермен жалғасты. Балалар ананың мейірімі, қамқорлығы туралы өз ойларымен бөлісті. Бұл шара оқушылардың аналарына деген құрметін арттырып, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеуге үлкен әсер етті.
