🔰IQ дода – зияткерлік әлеуетті дамытудың тиімді алаңы » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔰IQ дода – зияткерлік әлеуетті дамытудың тиімді алаңы
22
қаңтар
2026

🔰IQ дода – зияткерлік әлеуетті дамытудың тиімді алаңы

🔰IQ дода – зияткерлік әлеуетті дамытудың тиімді алаңы
# 67 келешек мектебімізде Смарт бала жобасы бойынша  10-сынып оқушылары арасында IQ дода зияткерлік сайысы өткізілді. Аталған шараның басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын және танымдық белсенділігін арттыру болды. Сонымен қатар, оқушыларды білімді қолдана білуге, өз ойын еркін жеткізуге және топпен жұмыс жасауға баулу көзделді.
IQ дода бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылардың математика, логика, жалпы білім және аналитикалық ойлау қабілеттері сынға түсті. Қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өздерінің білім деңгейі мен тапқырлығын көрсете білді. Сайыс барысында оқушылар арасында өзара бәсекелестікпен қатар, қолдау мен ынтымақтастық та байқалды.
Бұл зияткерлік дода оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, жаңа білім алуға деген ынтасын күшейтті. Көптеген оқушылар өз мүмкіндіктерін байқап, болашақта интеллектуалдық сайыстарға белсенді қатысуға ниет білдірді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсер етіп, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, IQ дода – оқушылардың зияткерлік әлеуетін ашатын, білімге қызығушылығын арттыратын маңызды тәрбиелік әрі білімдік шара деп айтуға болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив