
Республикалық ғылыми жобалар байқауы мен “Зерде” зерттеу жобаларының жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!


Білімге құштарлықтары мен зерттеуге деген ынтасы арқасында шәкірттеріміз республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін өсірді.

Жеңімпаздар мен жетекші ұстаздарға алғыс білдіреміз! Ізденістері мен еңбектерінің жемісін көре беріңіздер!