
Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны әрі қарай жетілдіруге жөн сілтеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қашанда болсын ілгерілеуге апаратын алғышарт сапалы білімге келіп тірелері шартты құбылыс. Сол үшін білім алушылардың қабілетін зерттеу, олардың дарындылығына зер салып, келешек өмірге, қоғамға тигізер пайдасын білу қажет.

Осы орайда, мектепішілік «Жас ғалым – 2025» ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің 2-10 сынып білім алушылары қатысты.

Мақсаты – білім алушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін таныту, дамыту. Өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыру.

2-7 сынып білім алушыларын «Зерде»ғылыми жобалар байқауына, 8-10 сынып білім алушыларын ғылыми жобалар конкурсына іріктеу жүргізілді.

Қалалық кезеңге жолдама алған білім алушыларымызға сәттілік тілейміз!