25
сәуір
2025
№67 орта мектебінің 9 а сынып оқушылары Ноян Дамир, Суханберді Азамат, Қуантхан Әнел оқушыларымыз 1-орын иеленді!
Бұл «Қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі”атты Ғылыми-танымдық конференцияға 49 мекеме қатысты, атап айтсақ ТарМУ студенттері, қала мектептері мен колледждері қатысты, әрқайсысы отбасының қоғамдағы маңызы мен рөлі жайында өз пікірлерін білдіріп, құнды ойлар ортаға салды. Оқушыларымыздың белсенділігі мен терең ойлы талдауларының нәтижесінде жеңіске жеткені біз үшін үлкен мақтаныш!
Отбасының қоғамдағы рөлін түсіну, оның жеке тұлға мен жалпы қоғамның дамуына қалай әсер ететінін зерттеу - өте маңызды әрі өзекті тақырып. Бұл жеңіс, сонымен қатар, біздің оқушыларымыздың білімге деген қызығушылығы мен өз пікірін еркін білдіре алатындығын дәлелдейді.
