
Адал азамат, біртұтас тәрбие бағытының “Даналық мектебі” жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бүгін мектебімізде «Әжемнің ертегісі: «Ер Төстік ертегісінің тәрбиелік мәні» тақырыбында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға «Әжелер мектебі» клубының мүшелері қатысып, өз тәлім-тәрбиелерін, өсиетті әңгімелерін айтып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтың мәнін көрсетті. Әже ақылы – ұрпаққа бағыт-өнеге, жүрек жылуы. Осындай жобалар арқылы балалар үлкендердің өмірлік тәжірибесін тыңдап, халқымыздың асыл дәстүрлерін бойына сіңіреді. Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даутбаева П.Е.