29.10.2025 ж. Күні мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің айлығының іс-шара жоспарына сәйкес «Адал азамат. Ұлтжанды ұрпақ. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 29.10.2025 ж. Күні мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің айлығының іс-шара жоспарына сәйкес «Адал азамат. Ұлтжанды ұрпақ.
30
қазан
2025

29.10.2025 ж. Күні мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің айлығының іс-шара жоспарына сәйкес «Адал азамат. Ұлтжанды ұрпақ.

🔰29.10.2025 ж. Күні мектебімізде қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің айлығының іс-шара жоспарына сәйкес «Адал азамат. Ұлтжанды ұрпақ. Ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Мақсаты:  ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтардың мәнін терең түсініп, оны жас ұрпақтың бойына дарытудың тиімді жолдарын талқылау;
Осы мәселелер төңірегінде ой қозғауға қаламыздың қадірлі қонақтары, ғылым саласының көрнекті өкілдері «Педагогика»  ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, «А.Байтұрсынов» атындағы алтын медальдің иегері  Бузаубакова Клара Джайдарбековна, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми зерттеу орталығының  директоры Сейткулова Жанна Мамбетовна, «Дарын» лицей –интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгесінің иегері Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы шақырылды. 
Біздің қоғамның болашағы — парасатты, елжанды, рухани бай ұрпақтың қолында. Қазақ халқы ежелден адалдықты, әділдікті, намысты – адам болмысының биік өлшемі деп таныған. Бабаларымыздың «Адалдық — адамдықтың белгісі» деген ұлағатты сөзі осы ұғымның мәңгілік мәнін көрсетеді. Адал азамат — тек жеке басына емес, қоғамға, елге, ұлтқа адал қызмет ететін тұлға. Ал ұлтжандылық – әр адамның өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін терең құрметтеуі, елінің болашағына жауапкершілікпен қарауы. Ұлтжанды ұрпақ – мемлекеттің тірегі, рухани тәуелсіздіктің кепілі.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттың рухани кодын сақтау — білім беру мен тәрбиенің басты бағытына айналуы тиіс.
Дөңгелек үстел барысында қонақтарымыз ұстаздарға «Адал азамат. Ұлтжанды ұрпақ. Ұлттық құндылықтар» тақырыбында өз ойларымен бөлісті Тәжірибелерін ортаға салып, адалдық, құндылық тақырыбында ой қозғады. 
Дөңгелек үстел  нәтижелі өтіп, барлығымызға тың ойлар мен жаңа бағыттар берілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив