21
қараша
2025
БІР ЖЫЛ — БІР ТАРИХ. БІЗДІҢ МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҚАДАМДАРЫ
Бүгін біз мектебіміздің бір жылдық мерейтойын ерекше қуанышпен атап өтудеміз. Бір жыл… Бір қарағанда қысқа уақыт сияқты. Бірақ сол бір жылдың ішінде қанша естелік, қанша жетістік, қанша үлкен өзгеріс сыйды десеңізші!
Біз биіктерге бірге ұмтылдық, бірге еңбектендік, бірге қуандық. Әр күніміз шағын табыстан үлкен мақсатқа апаратын жаңа қадамға айналды.
Мерейтойымыз құтты болсын!
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға, жаңа белестерге жол аша берсін!
