18
қараша
2025
Мектебіміздің ашылуына 1 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – қысқа уақыт ішінде талай жетістікке жеткен үлкен белес.
«Білім – мұратқа бастар жол»,
«Оқу – инемен құдық қазғандай» деген дана халқымыздың сөзі бар.
Осы бір жылда мектебіміз ынтымақ пен еңбекке сүйенген ұжымның, алға ұмтылған шәкірттердің арқасында биік мақсаттарға қадам басты.
Бір жыл – бастама ғана. Алда бұдан да жарқын жеңістер, жаңа белестер күтіп тұр.
Мектебіміздің әр күні білім мен берекеге, әр шәкіртінің жүрегі арман мен жігерге тола берсін!
Жаңа оқу ордамыздың мерейі үстем, беделі биік болып, талай үздік шәкірттерді тәрбиелей берсін!
Қуанышты күні құтты болсын!