
«Жаратылыстану» (математика, физика, информатика, жаратылыстану, химия, биология, география) пәндерінің әдістемелік бірлестігінің айлығында «Еркін» тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылған болатын. Шығармашылық адамдардың көру қабілеті мен сезіну түйсігі ерекше болады. Кез келген заттың екінші бетін көруге және оны тануға көбінесе суретшілер қабілетті келеді. Себебі салған суреттерінен олардың ішкі жан дүниесін көруге, сезінуге болады. Сіздерге сол мектебіміздің “жас” суретшілердің салған суреттерін ұсынып отырмыз. Креативті ойлап, жүйелеп салған сурттер топтамасын тамашалап, бағасын бере отырыңыздар! Жаңа суреттерді талмай сала беріңіздер. Керемет кескіндемелерді көріп, суреттерден көп нәрсе ұға аламыз. Суретшінің көңіл-күйін, ішкі ойын, әлемді қалай қабылдайтынын, не айтқысы келгенін түсінуге болады. Кейде суреттерге қарап мұңайсақ кейбірінен қуаныш алып басқа бір әлемге бет алғандай боламыз. Тіпті мың түрлі сұрақтар да жинап шығатын кездерімізде жиі кездесіп жүр. Суретшінің бір суретінің өзінде бір әлем жатқандай күй кешеміз. Өзіндік сезім, өзіндік ой- сана, өзіндік тұжырым, өзіндік қуаныш...
Байқау нәтижесінде: «Бас жүлдені» 9 «Ә» сынып білім алушысы Берік Кәусар «Мектеп -адамды арманға жетелейтін алғашқы баспалдақ» атты тақырыбында салған суреті иеленді. Кәусар бұл суретте өзіміздң сүйікті мектебімізді суретін салып ұсыныпты. I орынды «Есірткіге жол жоқ» атты тақырыпта 6 «А» білім алушысы Азимхан Асима иеленді. II орынды 6 «Б» сынып білім алушысы Талғат Әділжан мен 9 «Ә» сынып оқушысы Жумакулов Ақылбек иеленді. III орынды 7 «Ә»сынып білім алушысы Естай Балғынбек, 6 «Б» сынып білім алушысы Бестерекова Нармин мен 7 «В»сынып білім алушысы Нүсіпбек Нейла иеленді. Жас суретшілер құтты болсын алған орындарыңыз!
