*25 Қазан – Республика күні!*
*25 Қазан – Республика күні!* Бүгін 8 «Ә» сыныбында «Республика күніне» арналған сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздер, Ата заң және азаматтық жауапкершілік жайлы терең мағлұмат алды. Сынып сағатын сынып жетекшісі *Жақсылықова Айшолпан Болатқызы* ұйымдастырып, оқушылармен белсенді әрі тәрбиелік мәні зор жұмыс жүргізді. Оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, Республика күнінің тарихи маңызын ұғына түсті.