🌳Биыл 15 мыңға жуық тал егіледі
Биыл 15 мыңға жуық тал егіледі Қаланың көгалдандыру және жасыл аймақ құрудың өңірлік жоспарына сәйкес «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 2026 жылы 14 515 тал көшетін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде 10 000 түп қарағаш ОКС, 535 дана айлант, 300 дана терек, 2170 дана қарағаш болса, катальпаның 750 данасы және 660 түп ясень көшеттері егілмек. Айта кетсек, тал көшеттерінің 90%- ға жуығы Жібек жолы ауданының аумағына, ал 1620 түп көшет Әулиеата ауданына егілмек.