Алғыс айту күні құтты болсын!
Алғыс айту күні құтты болсын! Мен, 7 «А» сынып оқушысы Нұрлан Мерей, өмір жолымда бағыт-бағдар беріп, білім мен тәрбие үйретіп жүрген ұстаздарыма, әрдайым қолдау көрсететін ата-анама және жанымдағы барша жандарға шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіз – менің болашағыма нық қадам басуыма себеп. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және табыс тілеймін!