🔰9 ақпан - мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні.
9 ақпан - мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ол қазақ поэзиясының биік шыңы. Ақынның әр өлеңі жүректі тебірентпей қоймайды. №67 орта мектебінің “ Жас қауырсын” үйірмесінің мүшелері де ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сырлы өлеңнің падишасы Мұқағалидың артында қалған мұрасы, маржан поэзиясы - мәңгілік ұрпақтың еншісінде.