Ақпарат » Страница 30 » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
🔰7-сынып оқушыларына арналған «Толеранттылық – татулық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
20
наурыз
2026
🔰7-сынып оқушыларына арналған «Толеранттылық – татулық негізі»
7-сынып оқушыларына арналған «Толеранттылық – татулық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында оқушылар өзара сыйластық, түсіністік және әртүрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрметпен қарау мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында толеранттылық қасиеттерін қалыптастырып, қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңызын түсіндіру. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, пікір алмасу арқылы маңызды құндылықтарды тереңірек ұғынды.
Ұлттық киім – тек сән емес, ол біздің тарихымыз ✨
20
наурыз
2026
Ұлттық киім – тек сән емес, ол біздің тарихымыз ✨
Ұлттық киім – тек сән емес, ол біздің тарихымыз 18 наурыз – Ұлттық киімдер күніне орай 5-сынып оқушылары қазақы нақышта бейнеролик түсірді. Әр оюда – мән, әр киімде – шежіре… Біз өз мәдениетімізді құрметтейміз және мақтан етеміз #5сынып #ҰлттықКиім #Наурыз #ҚазақыСтиль
Наурыз мейрамы мерекесіне орай 1 “В”сыныбында сынып сағаты өтті.
19
наурыз
2026
Наурыз мейрамы мерекесіне орай 1 “В”сыныбында сынып сағаты өтті.
Наурыз мейрамы мерекесіне орай 1 “В”сыныбында сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлерді таныстыру, қазақ халқының мәдениетіне деген құрметін арттыру және мерекенің маңызын түсіндіру болды. Сынып сағаты барысында оқушылар Наурыз туралы өлеңдер айтып, ән шырқап,би биллеп, ұлттық ойындар ойнады. Сонымен қатар, үлкендерге құрмет көрсету, татулық пен бірлікті нығайту жайында әңгімелер жүргізілді. Оқушылар белсенді қатысып, мерекелік көңіл-күй сезілді. Сынып сағаты
«Ұлттық киім күні!»
19
наурыз
2026
«Ұлттық киім күні!»
18 наурыз  «Ұлттық киім күні!»  #67 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары осы күнде  ұлттық құндылықтарымызды нақыштай отырып тарихқа көз жүгіртіп, ұлттық киімдерімыз туралы өз ойларын жеткізді. Бұл күн – халқымыздың бай мұрасын, салт-дәстүрін және ұлттық болмысын дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық киім – тек сән емес, ол тарих, рух және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан құндылық. Бүгін әрқайсымыз шапанымызды киіп, камзолымызды сәндеп, ұлттық нақыштағы киімдер арқылы өз тамырымызды еске алайық. Өйткені
Ұлттық құндылық – ұлттың жаны ❤️
19
наурыз
2026
Ұлттық құндылық – ұлттың жаны ❤️
Ұлттық құндылық – ұлттың жаны Бүгін біз 5Б сыныбымен бірге Ұлттық киімдер күнін ерекше атап өттік. Әрбір киімде – тарих, әр өрнекте – тәрбие, әр бейнеде – халқымыздың рухы бар. Болашақ ұрпақ ретінде біз ұлттық дәстүрімізді құрметтеп, оны мақтан тұтамыз 5Б сыныбы – ұлттық мәдениетті дәріптейтін, бірлігі жарасқан сынып!
Қош келдің әз Наурыз !
19
наурыз
2026
Қош келдің әз Наурыз !
Тақырыбы:  Қош келдің әз Наурыз  - Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, оның шығу тарихы мен маңызын таныстыру;  - Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, қазақ халқының мәдени мұрасына деген құрмет сезімін қалыптастыру: - Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа бірлікке тәрбиелеу.  -Көктем мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатты сүюге баулу.  2 б сыныбы  Сынып жетекшісі: Әбдірәсіл Таңшолпан Мұхамбетжанқызы
Тәуелсіздік және Отаншылдық айына тұспа-тұс келген Наурыз мейрамы кезінде 1”Ә”, 1”В” сыныптары арасында ұлттық ойындарды насихаттау – халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртудың ең әсерлі жолдарының бірі болып табылды.
19
наурыз
2026
Тәуелсіздік және Отаншылдық айына тұспа-тұс келген Наурыз мейрамы
Тәуелсіздік және Отаншылдық айына тұспа-тұс келген Наурыз мейрамы кезінде 1”Ә”, 1”В” сыныптары арасында ұлттық ойындарды насихаттау – халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртудың ең әсерлі жолдарының бірі болып табылды. Біздің мектепте мерекелік іс-шара өткізу – балаларға «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Тоғызқұмалақ» сияқты ойындарды ойнату. Ұлттық киіммен өткізу – балалар қазақы киім киіп, мерекенің мәнін арттырады. 1”Ә” сынып жетекшісі: Шынтаева Ж.К. 1”В” сынып жетекшісі: Темирова Г.О.
🌱 Жаңару күніне орай мектебімізде «Жасыл болашақ» атты ағаш отырғызу акциясы өтті!
19
наурыз
2026
🌱 Жаңару күніне орай мектебімізде «Жасыл болашақ» атты ағаш отырғызу
 Жаңару күніне орай мектебімізде «Жасыл болашақ» атты ағаш отырғызу акциясы өтті! Бұл игі шараға мектептің жас мамандары белсене қатысып, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Әрбір отырғызылған көшет – жарқын болашақтың символы Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірге еңбек етіп, жасыл әлемді бірге қалыптастырайық! #ЖасылБолашақ #ЖаңаруКүні #ТабиғаттыҚорғайық #ЖасМамандар #ТазаҚазақстан #BiggestHourForEarth #EarthHourKazakhstan #EarthHour
4 “А” сынып оқушыларының шығармашылық қолөнер туындылары 🎨
19
наурыз
2026
4 “А” сынып оқушыларының шығармашылық қолөнер туындылары 🎨
4 “А” сынып оқушыларының шығармашылық қолөнер туындылары 
67 орта мектебінің 7 “Б” сынып оқушысы Талғат Әділжанның Наурыз мейрамына тартуы !
19
наурыз
2026
67 орта мектебінің 7 “Б” сынып оқушысы Талғат Әділжанның Наурыз
67 орта мектебінің 7 “Б” сынып оқушысы Талғат Әділжанның Наурыз мейрамына тартуы !Наурыз мейрамы құтты болсын Әр шаңыраққа бақыт ,ырыс ,береке тілейміз Сынып жетекшісі:Нұрышова Балжан