Ақпарат » Страница 27 » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
4 “А” сыныбы “Жүректен шыққан жақсылық жүрекке жетеді”
02
сәуір
2026
4 “А” сыныбы “Жүректен шыққан жақсылық жүрекке жетеді”
4 “А” сыныбы “Жүректен шыққан жақсылық жүрекке жетеді”  Жүректен шыққан іс — мейірімге, жанашырлыққа, адалдыққа негізделеді. Мұндай жақсылық адамды қуантады, үміт береді және адамдарды бір-біріне жақындатады. Қасиетті айда оқушылардың жасаған ізгі жақсылықтары  қабыл болсын. Бұл ой адамгершілік құндылықтарды насихаттайды: қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік және шынайы қарым-қатынас. Сынып жетекшісі: Кыдырмаева Е.Б.
🌿 «Жасыл ел-Тараз» – қаламыздың тазалығы үшін!
02
сәуір
2026
🌿 «Жасыл ел-Тараз» – қаламыздың тазалығы үшін!
 «Жасыл ел-Тараз» – қаламыздың тазалығы үшін! #ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan #Жамбылоблысы #Жамбылскаяобласть
#  67 келешек мектептің  оқушылары облыстық  кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық кезеңге жолдама алды!
02
сәуір
2026
# 67 келешек мектептің оқушылары облыстық кезеңде жоғары нәтиже
#  67 келешек мектептің  оқушылары облыстық  кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық кезеңге жолдама алды! 2 категорияның 2-еуі халықаралық чемпионатқа өтті! №67 орта мектеп – РобоБаскетбол Жұмағалиев Али Аскарович Жетекші: Мадибаев Мурат Кайратович №67 орта мектеп – OrdaBot (Сұрыптаушы робот) Құдайберген Данияр, Келген Нурислам Жетекші: Ерпайзова Күланда Жас робототехниктеріміздің жетістігі – жүйелі еңбек, кәсіби жетекшілік және сапалы білімнің нәтижесі!  Халықаралық кезеңде сәттілік
🔰Көңілді үзіліс – сабақ барысында оқушылардың шаршауын басып, сергітуге, зейінін қайта шоғырландыруға арналған қысқа уақыттағы қызықты ойындар мен жаттығулар жиынтығы. Ол оқушылардың көңіл күйін көтеріп, белсенділігін арттырады және ынтымақтастыққа
02
сәуір
2026
🔰Көңілді үзіліс – сабақ барысында оқушылардың шаршауын басып,
Көңілді үзіліс – сабақ барысында оқушылардың шаршауын басып, сергітуге, зейінін қайта шоғырландыруға арналған қысқа уақыттағы қызықты ойындар мен жаттығулар жиынтығы. Ол оқушылардың көңіл күйін көтеріп, белсенділігін арттырады және ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Асық ату – қазақтың ұлттық ойыны. Бұл ойын балалардың мергендігін, шапшаңдығын, дәлдігін дамытады.  2 “В”сыныбы және жетекшісі:Бексуийнова.М
🔰Бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспар кезіндегі кітап талдау.
02
сәуір
2026
🔰Бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспар кезіндегі кітап талдау.
Бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспар кезіндегі кітап талдау. Кітап: М.Әуезовтың “Көксерек” әңгімесі. Сабақтың мақсаты:  Жазушы бұл шығарма арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсету, табиғаттың өз заңдылығы бар екенін түсіндіру, аң мен адам арасындағы тартысты суреттеу мақсатын көздейді.Сонымен бірге қасқырдың еркін өмірге ұмтылуын және адамдардың табиғатқа жасалған әрекеттерінің салдарын көрсетуге тырысады. Сынып жетекші: Бектасова Назира Сайновна Білімгер:Жұмабай Самал
🔰Бастауыш сыныптар айлығы барысында 4 “В” сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен “Құмы да қымбат туған жер.
02
сәуір
2026
🔰Бастауыш сыныптар айлығы барысында 4 “В” сыныбында әдебиеттік оқу
Бастауыш сыныптар айлығы барысында 4 “В” сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен “Құмы да қымбат туған жер. Құм мінезі” тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақ барысында топтық,жұптық,жеке жұмыстар мен құм терапиясы жүргізілді. “Құм сағаты “ арқылы кері байланыс жүргізілді. 
✨ Алғыс айту күні құтты болсын!
02
сәуір
2026
✨ Алғыс айту күні құтты болсын!
 Алғыс айту күні құтты болсын! 7 «Ә» сынып оқушылары атынан ардақты ұстаздарымызға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің еңбектеріңіз бен мейірімдеріңіз үшін ризамыз. Бізге берген білімдеріңіз бен қолдауларыңыз әрқашан бағалы. Құрметпен, 7 «Ә» сыныбы
Заң және тәртіп – кез келген қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі тіректерінің бірі.
01
сәуір
2026
Заң және тәртіп – кез келген қоғамның тұрақтылығы мен дамуының
Тақырыбы: Заң және тәртіп Заң және тәртіп – кез келген қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі тіректерінің бірі. Заң дегеніміз – мемлекет бекіткен, барлық азаматтар орындауға міндетті ережелер жүйесі. Ал тәртіп – сол заңдардың қоғамда сақталуы мен орындалуы. Заңның басты мақсаты – адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік орнату және қоғамдағы қарым-қатынасты реттеу. Егер заң болмаса, қоғамда бейберекетсіздік орнап, адамдар арасындағы дау-дамай көбейер еді. Сондықтан әрбір
Бүгін 7 “Б”«Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.⚖️
01
сәуір
2026
Бүгін 7 “Б”«Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.⚖️
Бүгін 7 “Б”«Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Ай құндылығы:”Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” Бүгінгі таңда «заңды білу» — жай ғана міндет емес, бұл заман талабы. Біздің құқығымыз қай жерде аяқталып, жауапкершілігіміз қай жерде басталады? Мектеп қабырғасындағы тәртіп — бұл үлкен өмірге дайындық. Заңды сыйлау — өзіңді және айналаңдағы адамдарды құрметтеуден басталады. Сынып жетекшісі:Нұрышова Балжан
🔰2 «В» сыныбында «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
01
сәуір
2026
🔰2 «В» сыныбында «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
2 «В» сыныбында «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға заң, құқық және тәртіп туралы түсінік беру, олардың құқықтары мен міндеттерін таныстыру, тәртіптілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар заң мен тәртіптің маңызын түсініп, мектеп ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ойларын ортаға салды. Түрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығы арттырылып, белсенділігі байқалды.Сынып жетекшісі:Бексуийнова М