Жақсы сөз жанға қуат береді.
Жақсы сөз жанға қуат береді. Әрине жақсы сөз көңіл құлпын ашатын кілт емес пе? Жақсы сөйлеп, адам көңілін елжіретіп, жақсылыққа жорудың өзі жақсылықтың, ырыс пен берекенің бастамасы болмақ. Ой мен тәнді жігерлендіретін, семіртіп те сергітетін, сүрінсең анаңның ыстық алақанындай жылытатын , қанатыңа жан бітіріп, қыран боп ұшсаң асқақтата биікке шарақтатып, қашан болмасын жанға жылу сыйлайтын ол ел зердесіне айналған - жақсыдан шыққан жақсы сөз. Шын пейілмен айтылған жақсы сөз өзіңе де, өзгеге де