Тараз қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлескен жұмыс жоспарының негізінде №67 орта мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану аясында «Тоғызқұмалақ» жарысы ұйымдастырылды. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тараз қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлескен жұмыс жоспарының негізінде №67 орта мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану аясында «Тоғызқұмалақ» жарысы ұйымдастырылды.
24
қаңтар
2025

Тараз қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлескен жұмыс жоспарының негізінде №67 орта мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану аясында «Тоғызқұмалақ» жарысы ұйымдастырылды.

🔰Тараз қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлескен жұмыс жоспарының негізінде №67 орта мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану аясында «Тоғызқұмалақ» жарысы ұйымдастырылды. 
Аталған шараның мақсаты - оқушыларға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру.
Тоғызқұмалақ - бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы болып табылады. 
Жарыс барысы 3-9 сыныптар арасындағы оқушылармен ұйымдастырылып, уақыттары тиімді және өздеріне пайдалы деңгейде өтті. 
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 
І орынмен - 8 «А» сынып оқушысы Талғатқызы Нұрайым
ІІ орынмен - 3 «А» сынып оқушысы Тұлғабай Айсұлтан
ІІІ орынмен - 8 «А» сынып оқушысы Қойшыбай Әлішер
ІІІ орынмен - 7 «В» сынып оқушысы Нүсіпбек Нейла марапаттылды!
Жарысқа қатысқаны үшін барлық ойыншыларға диплом және сыйлықтар табысталды. 
Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәні мұғалімдері
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив