
№67 орта мектебінде 2025 жылдың 24 қаңтарында 3 "Ә" сыныбының ата-аналар жиналысы өткізілді.
Сынып жетекші: Шымырбай Нұрай Әбдібекқызы
Жиналыстың мақсаты — мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі, сондай-ақ олардың психологиялық жағдайы туралы ақпарат беру болды.

Жиналыс барысында оқушылардың оқу барысы мен жетістіктері талқыланды. Мұғалімдер әрбір оқушының дамуын қадағалап, олардың жақсы жақтарын атап өтіп, дамуында кездескен қиындықтар туралы ата-аналармен пікір алмасты.

Сонымен қатар, оқушылардың тәртібі, әлеуметтік ортадағы мінез-құлқы, бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері сөз болды. Ата-аналарға оқушыларды дұрыс бағыттау, өзара түсіністік орнату және білімге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қажетті шаралар туралы ұсыныстар берілді.

Ата-аналар жиналысы мектеп пен отбасының бірігіп жұмыс жасауын, оқушылардың жетістіктеріне қол жеткізу жолдарын талқылауды қамтыды. Оқушыларды қолдау, тәрбие мен білім беру жолында ата-аналар мен мектептің бірлескен жұмысы өте маңызды екендігі атап өтілді.
