14
қараша
2025
🔰Бүгін 1 “Б” сыныбында әліппе сабағынан
Ғғ дыбысы мен әрпі тақырыбында сабақ өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың Ғғ дыбысын дұрыс дыбыстатып, оны сөз ішінде тануына , дыбыстық ерекшелігін ажырата білуге үйрету.
Сабақ барысында білім алушылар “Сөз ойла, тез ойла!” әдісі бойынша Ғдыбысынан басталатын бірнеше сөздер ойлап,дыбыстық талдау жасады ,сөздермен сөйлем құрай білді.
“Wordwall.net “ платформасында түрлі қызықты тапсырмалар орындады.
Сабақ соңында “Білім сандығы” арқылы кері байланыс алынды.
С/ж: Абишева Құралай Аманжоловна
