
*Мектепішілік “Кіші олимпиада – 2025”*

23-қазан күні мектебімізде 5-11 сынып білім алушылары арасында *гуманитарлық бағыт* бойынша мектепішілік олимпиада өтті.

Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, комиссия мүшелері бекітіліп, тапсырмалар дайындалып, хаттамалар толтырылып, қорытындылар шығарылды.

Комиссия құрамында:
— Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары *Байдаулетова Л.А*
— “Кіші олимпиада” жетекшісі *Базылбекова Б.Б*
— Мектеп психологы *А.Советбек*
— “Өзгеріс енгізу” тобының жетекшісі *К.Ерпайзова*

Олимпиаданың мақсаты – білім алушылардың танымдық қабілетін арттыру, дарынды оқушыларды анықтап, қолдау.
Барша қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!