04
ақпан
2025
Мектебімізде «Өзгеріс енгізу» тобының кезекті оқыту семинары болып өтті.
1.Online Test Pad — бұл тесттер, сұрақтар, кроссвордтар, логикалық ойындар және кешенді тапсырмаларды жасауға арналған білім беру онлайн-сервисі.
Сервис ақпараттық жүйелер мен интернет-технологиялар арқылы оқу процесіне қатысты әртүрлі статистикалық есептерді ұсынады. «Test Pad» жобасы арқылы білім алушыларды қорытынды аттестаттауға, ББЖМ-ге тиімді дайындауға болатынын, қорытынды әр білім алушыға ,сыныпқа автоматты түрде шығатыны жайлы жоба жетекшілері Мұрат Сағындықұлы мен Күланда Еділқызы таныстырып, ұстаздарға алгоритмін көрсетті. Test Pad -та тест құра отырып білім алушыларды қорытынды аттестаттауға , ББЖМ-ге дайындаймыз және әкімшілік бақылау аламыз.
2.«Readinq Time» жобасы. Мақсаты: Кітап оқу арқылы оқушы бойына рухани байлықты сіңіру, рух-жігері шыңдалған белсенді тұлға қалыптастыру. Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Оқулықты құрметтей білуге,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Жоба жетекшісі Алия Сериковна кітап оқу ережелері мен талдау бойынша түсіндіріп өтті. Кітап оқу жоспарымен таныстырып, талқылау күндерін белгіледі.
3. Квест (ағылшын тілінен аударғанда "quest" — шақыру, іздеу, қызықты оқиға деген мағаналарды береді) — бұл интеллектуалдық ойын түрі, қатысушылар бірқатар кедергілерден өтуі тиіс, белгілі бір тапсырмаларды шешу, логикалық жұмбақтарды шешу, жолында кездескен қиындықтармен күресу, ортақ мақсатқа жетуі қажет..
Квестер өзіндік бірқилы қалыпы мен сюжеті бар үлкен және әдемі ойын болып табылады. Оның мағынасы әртүрлі заттарды қолдануға негізделген. Квест ойынын барлық пәндерде қолдану бойынша «Өзгеріс енгізу»тобының мүшесі Самат Мұратұлы түсініп беріп, ойынның негізгі мақсаты мен ережелеріне тоқталды.
