24
қазан
2025
5 “В” сыныбында “Буллингтен қорған!” тақырыбында сынып сағаты өтті
5 “В” сыныбында оқушылармен буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында танымдық сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында балаларға буллингтің түрлері, себептері және одан қорғану жолдары туралы түсіндірілді. 

Оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін ортаға салды, достық пен өзара құрметтің маңызын айтты. 
Мақсат – балаларға қатігездікке қарсы тұру, бір-бірін қолдау, және қауіпсіз, достық орта қалыптастыру екенін ұғындыру болды. 

Сынып жетекшісі: Қалыбай А.А.
