17
қазан
2025
✨ Что за прелесть эти сказки! ✨
5 «Г» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен танымдық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы – болгар халық ертегісі “Сказка о бочке” болды. 

Сабақ барысында оқушылар ертегінің мазмұнымен танысып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап, ертегілердің түрлерін ажыратты. 
Олар топқа бөлініп, тапсырмаларды бірлесе орындап, пікір алмасты. Әр топ өз көзқарасын дәлелдеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 

Сабақта түрлі таратпа материалдар қолданылып, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болды.
Осындай сабақтар оқушыларды халық шығармашылығын құрметтеуге, тіл байлығын дамытуға және әдебиет әлемін сүйіспеншілікпен тануға баулиды. 

