
Ата-аналармен маңызды кездесу өтті
2025 жылдың 16 қазан күні мектебімізде сенімхатпен тұратын оқушылардың қамқоршыларымен арнайы жиналыс өтті.

Жиналыстың мақсаты – оқушылардың білім алу барысын, тұрмыс жағдайын, психологиялық хал-ахуалын және қауіпсіздігін бақылау, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату.

Талқыланған негізгі мәселелер:
• Оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі;
• Тұратын жеріндегі жағдайы;
• Мектеп пен ата-ана арасындағы кері байланысты нығайту;
• Қосымша қолдау мен бақылаудың қажеттілігі.

Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Алдағы уақытта да осындай кездесулерді тұрақты өткізіп отыру жоспарланып отыр.

Бала тәрбиесі – ортақ міндет. Бірлесе жұмыс істегенде ғана оң нәтиже болатынына сенеміз!
