16
қазан
2025
3”В” сынып ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Адал ұрпақ тәрбиесі ата-ана мен мектептің ортақ міндеті
Мақсаты: “Адал азамат” бағдарламасының мәнін ата-аналарға түсіндіру;
Балалардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруда ата-ананың рөлін айқындау.
Жиналыс барысында жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке, еңбексүйгіштікке баулу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі және отбасындағы рухани құндылықтар жайлы маңызды әңгімелер айтылды.
Ата-аналар өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісіп, баланың бойына адалдықты сіңіру – ең үлкен тәрбие екенін атап өтті.
Жас ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін бірге еңбек етеміз!
Сынып жетекшісі: Дилдабекова Салтанат
