
Жазғы лагерь – жарқын естеліктер мекені!



“Жайлы” жазғы лагерінде ерекше серпіліспен “Полиглот” тілдік үйірмесі өз жұмысын бастады! Бұл үйірме – тек тіл үйрену алаңы ғана емес, сонымен қатар түрлі елдердің мәдениетін танып, жаңа достар тауып, ой-өрісіңді кеңейту мүмкіндігі!

Мұнда балалар:
• Ағылшын тілін қызықты ойындар, әндер арқылы меңгереді;
• Күн сайын тілдік тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын дамытады;
• Өз ойларын еркін жеткізіп, көптілді ортада сенімді болуға үйренеді.

“Полиглот” – тіл үйренудің жаңа тынысы, достықтың алтын көпірі!
Бізбен бірге жазды қызықты әрі пайдалы өткізіңіз!

Алда – жарқын сәттер мен әсерлі естеліктер! Бізбен бірге болыңыз!