
Мектебімізде бастауыш сынып ата-аналарымен өте маңызды және мазмұнды кездесу өтті. "Балаңызға көңіл бөліңіз" тақырыбында ұйымдастырылған форумда баланың жан-жақты дамуына ата-ананың ықпалы, эмоционалды қолдау мен сапалы қарым-қатынастың маңызы талқыланды.

Форум барысында:

Баланың күнделікті өміріне ата-ананың көңіл бөлуі неге маңызды?

Эмоционалды интеллект пен бала тәрбиесі арасындағы байланыс

Қазіргі заманда ата-ананың басты рөлі қандай болу керек?
Ата-аналар белсенділік танытып, ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Баланың жан дүниесін түсіну, оны тыңдай білу – тәрбие негізі екенін тағы бір мәрте еске салған бұл кездесудің әсері ерекше болды.

Барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз – баланың жарқын болашағына ашылған жол!
Спикерлері:
Сулейменова Б.С
Нұрабаева А.Е