Тараздағы екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тараздағы екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
22
қараша
2024

Тараздағы екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді

Тараздағы екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
🔹«Ұлы дала» (15) шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған білім ордасы пайдалануға берілді.
🔹Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, сала ардагерлері, ата-аналар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ең әуелі аймақ басшысы ізгі тілегін жеткізіп, мектеп оқушыларына интерактивті панелді тарту етті. Бұдан кейін оқу ошағының лентасы қиылып, қонақтар мектеп ғимаратын аралап көрді.
🔹1 200 балаға арналған жаңа үлгідегі оқу ордасында білім алушылар мен педагогтерге барлық қауіпсіз және жайлы жағдай жасалған. Мұнда мұғалімдерге қажет жұмыс аймақтары, бастауыш сыныптар, негізгі және орта бөлімдер жеке блоктармен, әмбебап шеберханалармен, заманауи оқу бөлмелерімен жабдықталған. Сондай-ақ ғимаратта 256 орынға арналған мәжіліс залы, 59 оқу бөлмесі, 344 орынды асхана, 2 спорт зал, 3 зертхана, 1 кітапхана, 4 шеберхана, робототехника, 10 коворкинг орталығы, «STEM», графика, 2 лингафон, 2 компьютерлік және жобалау кабинеттері орналасқан.
Қазіргі таңда білім ұясына №64 мектептен 3 педагог ауысу тәртібімен, 28 ұстаз конкурстық негізде жұмысқа қабылданған.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив