Жанға жайлы - «Жайлы мектеп»

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері Сайлауалды бағдарлама аясында ашылған Тараз қаласы «Ұлы дала» шағынауданындағы №67 мектептің базасымен танысты.

1 200 орынды құрайтын білім ошағы ең озық технологиялармен жарақтандырылған. Оқушылардың қауіпсіз білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылып отыр.

Ғимаратта интерактивті тақтасы бар 59 оқу кабинеті, асхана, 2 спортзал, мәжіліс залы, кітапхана, 2 лингафон, 2 компьютер кабинеті бар, сондай-ақ 3 зертхана мен 3 шеберхана, 10 коворкинг-орталық қарастырылған.

Мектеп ғимаратымен танысқан комиссия мүшелері ұстаздармен де тілдесіп, алдағы уақытта оқушыларды сапалы біліммен қамтуды тапсырды. Ол үшін білім нысанында бар жағдай жасалған.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Көмек"бағдарламасы: "Қайырымдылық" атты қысқаметражды фильмдер 1-4 сынып аралығында ұйымдастырылып оқушылармен талдау+диалог жүргізілді
Жетекшісі: Ерпаизова Куланда Еділқызы
