
Бүгін 5 қаңтар 2025 жылы Жамбыл Өрлеу қызметкерлері Тараз қаласындағы №67 орта мектебінде «Ұйымшыл команда - жайлы мектеп» тақырыбында мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері үшін Командалық білім беру бойынша тренинг ұйымдастырды. Тренинг жұмыстарын Жамбыл-Өрлеу директоры Ләтипа Сейдахметқызы мен бірқатар қызметкерлер, директордың орынбасары Ш.Тайганбекова, кафедра меңгерушісі С.Қарымбаева, аға оқытушы А.Райымбекқызы, әдіскерлер Н.Цой, Л.Утеулиева өткізді.

Тренингтің мақсаты-тиімді командалық жұмыс дағдыларын дамыту, команданы біріктіру және командалық рухты қалыптастыру.

Іс-шараға қатысушылардың кәсіби дағдылары мен жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың қарқынды нысаны.

Тренингтің негізі - қатысушылардың біліктілігін, білімін, мінез-құлық үлгілерін дамыту үшін қолданылатын оқу және практикалық материалдардың, стратегиялар мен әдістердің жиынтығы болып табылады.
