15
қаңтар
2025
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ-БОЛАШАҚҚА ЖАРҚЫН ЖОЛ
Қазақстан Республикасының Президенті
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан реформаларыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіз өз жұмысыңызда білім беру саласын дамытуға, ұстаздар мен оқушылардың жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген маңызды бастамалар көтердіңіз.
«Жайлы мектеп» жобасы-бұл тек қана жаңа ғимараттар мен заманауи құрылғылардың емес, ең алдымен білім беру сапасын арттыруға, мұғалімдер мен оқушылар үшін қолайлы және қауіпсіз орта жасауға бағытталған нақты қадам. Бұл бағдарлама ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеруге және балалардың білім алуына барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Сіздің білім беру жүйесіне көрсетіп жатқан қолдауыңыз бен тың бастамаларыңыз бізге үлкен қуаныш сыйлап, еліміздің әрбір мектебінің болашағына деген үмітімізді арттырады. Сізге үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да білім беру саласында жасалатын барлық игі өзгерістерде өз қолдауымызды көрсететінімізге сенімдіміз.
Ұстаздар қауымының атынан зор алғысымызды қабыл алыңыз.
Құрметпен,
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің №67 орта мектебі» КММ-ң ұстаздары.
