
Қаңтар айының 17-і күні 6 «А» және «Б» сыныптарында ерекше , әрі маңызды іс-шаралар өтті. Ата-аналар мен мұғалімдер арасында өткізілген «Бақытты ана болудың құпиялары» және «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу мен мінез-құлыққа әсері» тақырыптарындағы педагогикалық қолдау кездесулері балаларының дамуына бағытталған ортақ мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Іс-шаралар мақсаты: Жасөспірімдердің психологиялық және физикалық жағдайын түсіну, олардың оқу мен мінез-құлқына әсер ететін факторлар туралы ақпарат беру, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру.

Қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен түсініктеріңіз балаларыңыздың бақытты әрі сәтті болашағы үшін маңызды қадам.
Сынып жетекшілер:Базылбекова Балжан,Кошанова Айгерім.
