
Ұлттың анасы – тілі, әкесі – тарихы. Тілінен нәр, тарихынан тамыр алмаған ел ұлт болмайды. Қазақтың барлық ұлттық құндылықтары тілінде жатыр.Байрағымызда қыранның қос қанаты бар. Оның бірі – ана тіліміз, екіншісі – туған тарихымыз. Бұл екеуі тең болмай, қыран қияға қалықтай алмайды. Тектілік – тілмен, рухпен біте қайнасып жатқан қасиет.

Осы қасиеттерді ұлықтау мақсатында қоғамдық - гуманитарлық пәндері бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес «Тіл мен тарих егіз ұғым» атты эссе жазу байқауы өтті. Эссе жазу байқауына 5-10 сынып оқушылары қатысып, өз ой- пікірлерімен бөлісті.
