
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына. Тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Қазақ тілі – қазақтың тарихымен біте қайнасып жатқан рухани қазына.Тіл - өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тіл – ұлттың тірегі.

Тарих – ұлттың тағдыры. Онда біздің қиын да қилы жолымыз айқын көрініп жатыр. Қаншама Алаш арыстарының ойға алған арман-мақсаттары орындалмай қалды. Бірақ, олар елдің, ұрпағының ертеңі үшін күресті, сол жолда жандарын пида етті. Біз одан тағлым алып, сол арқылы бүгінімізді байыптап, болашағымызды бағдарлаймыз.

Осы мақсатта өскелең ұрпаққа ана тілі мен тарихын әрдайым терең білу, ұлықтау үшін мектепішілік пәндік олимпиаданың маңызы зор.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндері бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру мақсатында қазақ тілі мен тарих пәндерінен мектепішілік олимпиада өтті.
