«Тіл мен тарих егіз» апталығы аясында 5-А сыныбында дуэт сабағы өтілді. » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл мен тарих егіз» апталығы аясында 5-А сыныбында дуэт сабағы өтілді.
10
ақпан
2025

«Тіл мен тарих егіз» апталығы аясында 5-А сыныбында дуэт сабағы өтілді.

🔰«Тіл мен тарих егіз» апталығы аясында 5-А сыныбында дуэт сабағы өтілді.
Тақырып: «Шырақтың ерлігі»
Мақсаты:
• Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау
• Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу және сан есімді зат есім орнына қолдану
Сабақ барысы:
• Топтық жұмыс: «Flippity» әдісімен топтарға бөлініп, «Wordwall» арқылы үй тапсырмасы сұралды.
• Жаңа тақырыпқа көшу: «Шырақ батыр сен білесің бе?» видеосы арқылы тақырып болжалып, ұстаздар толық оқу мақсатын түсіндірді.
• Мәтінмен жұмыс: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі қолданылып, әр топ өз мәтінін оқып танысты.
• Тапсырма: «Шырақтың ерлігі» мәтіннен сан есімнің мағыналық түрлерін анықтау жұмысы жүргізілді.
• Сергіту: «Қаһарман "Шырақ Батыр"» қазақша мультфильмі (5 минут) көрсетіліп, ұстаздар мен оқушылар арасында диалог құрылды.
• Кері байланыс: «Қоржын әдісі» арқылы жүзеге асты.
Осы сабақтың арқасында оқушылар Қазақстан тарихының маңызды кезеңімен және сан есімнің қолданылуымен жан-жақты танысты!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив