
Қазақ қызы ешқашанда жайып жүрмеген.Уақытында қаракөз қыздарымызды төрге шығарған бабаларымыз «Қолаң шаш, қара көз, қара қас, бойынан бір мін де табылмас...» деп сүйсінген.

Бұрымын қос етіп өріп, жинап, шашбау тағып жүрген. Қыздардың шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай «жалғыз бұрым», «қос бұрым» деп бөлінеді. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түседі.
