13
ақпан
2025
Бұрым – қазақ қыз-келіншектерінің дәстүрлі шаш үлгісі.
Бұрым – қазақ қыз-келіншектерінің дәстүрлі шаш үлгісі. Ұзын шаш әйел сұлулығының, көркемдігінің белгісі саналған. Бұрымды шаш өргенде, оны әртүрлі әдістермен сәндеп, ұлттық нақыштағы әшекейлермен безендірген.Бұрым ұзын әрі әдемі болса, қыздың көркі мен денсаулығының жақсы екенін білдіреді.
• Қазақта «Шашың ұзын – ақылың кең» деген мақал бар, бұл шаштың қыз баланың инабаттылығы мен тәрбиесін көрсететінін білдіреді.
• Бұрымды тарқатпай, жинақы етіп жүру – қазақ әйелдерінің әдептілік белгісі.
Қазіргі кезде бұрымды шаш өру дәстүрі сақталып, заманауи үлгілермен толықтырылып келеді. "Бұрымды қыз" байқауына қатысушы 9 "А" сынып оқушысы Асанбек Інжу. Сынып жетекшісі: Ерпаизова К Е