«Әке-отбасының тірегі, бақыттың алтын бағы» » «№67 орта мектебі»
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№67 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 337-39-10
Есепші бөлімі:
+7(771) 337-39-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әке-отбасының тірегі, бақыттың алтын бағы»
21
ақпан
2025

«Әке-отбасының тірегі, бақыттың алтын бағы»

🔰№67 орта мектебімізде ақпанның 18 жұлдызында «Әке-отбасының тірегі, бақыттың алтын бағы» атты әкелер кеңесі өтті.  Әкелер кеңесінің мақсаты: Бала тәрбиесінде әкенің алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, әкелердің балалар тәрбиесіндегі, отбасындағы және қоғамдағы рөлін арттыру.
 Әкелер кеңесіне 25 әке қатысты. Әкелер кеңесінде  “Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ ” демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыр, жапырақ, діңі деп 3 топқа болып бөлінді.  Әкелер кеңесінде  мектепке деген талап-тілектерін “тамыр тобы”-тамырға, “діңгек тобы”-діңгекке, “жапырақ тобы”-жапыраққа жазды. Мектепке көптеген тілектерін айтты, ең әсерлісі мектебімізден «Нобель» сыйлығының лауреаттары шықсын - деген тілектері болды.  Ағаштың тамыры-ата-ана, діңгегі-мектеп пен мұғалімі, жапырағы-балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.
 Әке белгілі бір мінез - құлық көзін, сенімділік пен сыйластық үлгісін көрсетеді. Әке – тәртіп пен реттіктің белгісі. Әкесінің беделінсіз өсіп келе жатқан бала тәртіпсіз, әлеуметтік жат қылықтарды істеуші, ересектер мен балаларға қатысты қарым - қатынаста ашушаң болып өседі. «Әке - дүние, еңбек және техника туралы танымдардың көзі болып табылады, ол болашақ мамандыққа бағытталуға ықпалын тигізеді және әлеуметтік пайдалы мақсаттарды құрайды». 
Ұйымдастырушысы: Ерпаизова К Е
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив