21
ақпан
2025
Физика сабағы басталар алдында оқушылар мен бір сергітіп алу сәті.
Мектептегі әрбір үзіліс — бұл тек тынығу ғана емес, жаңа достармен танысу, көңілді уақыт өткізу мен сергектік сыйлайтын ерекше сәт. Көңілді үзіліс — бұл жай ғана демалу емес, нағыз шығармашылыққа толы уақыт!
Бұл үзіліс кезінде балаларды түрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар күтуде. Музыка әуенімен дене шынықтыру жаттығулары, көңілді викториналар мен ептілік ойындары оқушылардың белсенділігін арттырып, бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеуге үйретеді. Балалардың әрқайсысы өз мүмкіндіктерін көрсетуге, жаңа нәрсені үйренуге және қуанышқа бөленуге мүмкіндік алады.
Үзіліс аяқталған соң, оқушылар жаңа күшпен сабақтарға оралады, әрі бұл қызықты уақыт олардың көңіл күйін көтеріп, білім алуға деген ынтасын арттырады.
