14
сәуір
2025
«Допты іші мен сыртымен алып жүру» ойыны – ептілік пен шапшаңдықты дамытатын қызықты жаттығу!
Бүгінгі дене шынықтыру үйірмесінде оқушылар доппен жұмыс істеудің жаңа тәсілін меңгерді – допты іші мен сыртымен алып жүру. Бұл ойын оқушылардың координациясын, дене қимылын бақылау қабілетін және зейінін арттырады.
Ойынның мақсаты:
Допты аяқты ішке және сыртқа қарай кезекпен жүргізу арқылы берілген қашықтықты еңсеру.
Ойын барысында дамиды:
Жылдамдық пен ептілік
Қимыл үйлесімділігі
Тепе-теңдік сақтау қабілеті
Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, бір-бірін қолдап, белсенділік танытты. Мұндай жаттығулар оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға сеп болады!
Жетекшісі: Сейткадыров Ж.Т