
Атаулы күндер аясында №67 орта мектебінде 6«Б» сыныбымен ақпараттық сағат өтті.

Ақпараттық сағаттың мақсаты: Құмаш Нұрғалиевтың өмірі және шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Оның еңбектері патриотизм, еңбекке деген махаббат және рухани құндылықтарды бағалауға үндейтіндігін насихаттау.

Нұрғалиевтың үлесі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына зор әсер етті және ол Қазақстан тарихында мәңгіге есте қалады. Оның мұрасы бүгінгі күні де құндылығын жоймай, білім беру саласында өзектілігін сақтап келеді.