
Құмаш Нұрғалиевтың педагогикалық көзқарастары, мектеп білімін дамытуға қосқан үлесі ұлттық педагогиканың қалыптасуына зор ықпал тигізген тарихи құбылыс болды. КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің "Тәрбие туралы идеялары" тақырыбында 8 б сыныбы тәрбие сағатын өтті. Сынып жетекшісі А. Баймуратова. Тәрбие сағаты барысында оқушылар Құмаш Нұрғалиевтің өмір жолы, шығармашылығы, жеткен жетістіктері мен алған наградаларымен танысты. Өмір жолын ұстаздыққа арнай отырып, оқушы мен ұстаз арасындағы байланысты нығайту мақсатында үлкен жұмыстар атқарған Құмаш Нұрғалиев атамыздың тәрбие тақырыбындағы идеялары мен ұсыныстары ұрпақ үшін үнемі мол тәрбие болып қалады. Бүгінде Құмаш Нұрғалиевтің арманы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның барлық жерінде іске асып, егеменді еліміздің ұл-қыздары соңғы үлгіде жабдықталған мектептерде білім алып жатқаны.