15
сәуір
2025
“Гүлдер әлемін ашамыз” атты сурет байқауы
Шығармашылық бірлестік айлығы аясында 2-4 сынып оқушылары арасында өткен бұл байқау ерекше шабытпен өтті!
Байқаудың мақсаты – оқушылардың икемділік, ізеттілік, біліктілік қасиеттерін арттырып, танымдық қабілеттері мен эстетикалық талғамын, шығармашылық шеберлігін дамыту.
Балалар қиялындағы түрлі-түсті гүлдер әлемі қағаз бетіне әсем өрнектеліп, әр сурет өзіндік бір тарихты баян етті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар жүлделі орындарға ие болып, түрлі номинациялармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз, шығармашылық шабыттарыңыз шарықтай берсін!
Жетекші:Рахметильдаева А