12
маусым
2026
👑🌸 «ЛАГЕРЬ АРУЫ – 2026» 🌸👑
Келешек жазғы лагерінде қыздардың өнері мен шығармашылығын насихаттауға арналған «Лагерь аруы – 2026» байқауы өтті.
Байқау барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, өздерінің таланттарын, тапқырлықтарын, сахна мәдениетін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір қатысушы байқауға үлкен дайындықпен келіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсемдік пен өнер ұштасқан бұл байқау лагерьдегі қызықты іс-шаралардың бірі болды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
Абылай Айым («Балдәурен» тобы)
Есенбек Нұрай («Бақытты өмір» тобы)
Бақытжанқызы Айзере («Шабыт берушілер» тобы)
Ақберен Аниса («Күн сәулесі» тобы)
Бақытжан Айару («Қос қанат» тобы)
Барлық жеңімпаздарды және байқауға қатысқан аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Әрқайсыңыз бұл байқауда өздеріңіздің ерекше қырларыңызды көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөлендіңіздер. Сахнада еркін өнер көрсетіп, батылдық пен белсенділіктің үлгісін таныттыңыздар.
Осындай тамаша іс-шара арқылы қатысушылар жаңа достар тауып, өз қабілеттерін шыңдап, ұмытылмас әсерге бөленді. Байқау барлық көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлап, лагерь өмірінің жарқын сәттерінің біріне айналды.
Жеңімпаздарымыздың жетістіктері арта берсін, ал қатысушыларымыздың армандары орындалып, алдағы уақытта да талай биіктерді бағындыра берулеріне тілектеспіз! 

