09
маусым
2026
🔰«Ауылдағы тамаша күн» жобасы аясында бүгін «Ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысу абиғаттану» сабағында оқушыларымыз үшін нағыз танымдық әрі белсенді күн болды
Қаланың у-шуынан кейін ауылға келу — ерекше сезім. Мұнда тіршілік таңғы шапақпен бірге басталады. Бір жағында мал өріске кетіп жатса, екінші жағында таба нан мен жаңа піскен шайдың иісі мұрын жарады.
Ауыл өмірі — тынымсыз еңбек пен шынайы қарапайымдылықтың мекені. Көршілердің ауызбіршілігі, есігі ашық қонақжай үйлер және балалардың асыр салып ойнаған күлкісі... Осының бәрі біздің рухани тамырымыз.
Мұндағы халықтың еңбегі ауыр болғанымен, жүректері кең, жүздері жылы. Ауыл — қазақы болмыстың соғып тұрған жүрегі.
Сіз үшін ауыл деген не? Сағынасыз ба? 
Жобасының жетекшісі : Нұрышова Б
