04
маусым
2026
🔰4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы, ұлттық мақтанышымыздың белгісі.
Көк Туымыз – бейбітшілік пен бірліктің, Елтаңбамыз – береке мен ынтымақтың, Әнұранымыз – туған елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің символы.
Бүгін біз мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетіп, олардың маңызын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы ел болашағына деген жауапкершілігімізді арттырамыз.
Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, олардың мәртебесін биік ұстауға міндетті. Өйткені рәміздер – халқымыздың тарихы мен тағдырын, рухы мен арманын біріктіретін қасиетті құндылықтар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! 
Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі асқақтай берсін!
